Әлеуметтік құқық

Адам құқығының бір түрі. Онсыз азамат мемлекеттен көмек ала алмайды. 




Эконимикалық, әлеуметтік және мәдени құқық туралы халықаралық пактіге сай, әлеуметтік құқық деген: 


— мемлекет белгілейтін ең төмен жалақы алу құқығы. Бізде жұмысшылар айына кемі 42 500 теңге алуға тиіс. 


— ана мен бала, мүгедіктігі барлардың әлеуметтік төлем, зейнетке шыққандардың зейнетақы алу құқығы;


— аз қамтылған отбасылардың тегін не арзанға пәтер алу құқығы;


— тегін медкөмек алу құқығы;


— тегін білім алу құқығы. 


Бұл құжатқа қол қойып, бекіткен ел азаматтарының осы құқықтарын қорғауға тиіс. Оған Қазақстан да қол қойып, бекітті. Мұндай халықаралық құжаттарға неге қосылу керегін мына жерден толығырақ оқыңыз.


Бұрын саяси, азаматтық, экономикалық және мәдени құқық не екенін айтқанбыз. Оқи отырыңыз.


14/09/2021 14:52 8281 0

14/09/2021
14:52 8281 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление